Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жаныңызға жақын адамның сағат нешеде туғанына қарап, мінезін біліп алыңыз

Жаныңызға жақын адамның сағат нешеде туғанына қарап, мінезін біліп алыңыз
ашық дереккөз
Адам мінезі мен талғамын дүние есігін ашқан уақытқа қарап та анықтауға болады екен.
Адамның мінезін нақты қай уақытта дүниеге келгеніне қарап та анықтауға болады екен. Өзіңіздің сағат нешеде жарық дүниеге келіп бір отбасын қуантып, ата-анаңыздың бақытын еселей түскеніңізді білесіз бе? Олай болса мына кестеден өзіңіздің немесе сізге жақын адамның мінесіз тексеріп көріңіз. Сағат 24.00 мен 2.00 арасында әр нәрсені білуге құмар және ынталы жандар дүниеге келеді. Сағат 2.00 мен 4.00 арасында әр нәрсені керегіне жаратып, жұмысқа шын ықыласымен кірісетін адамдар туылады. Сағат 4.00 мен 6.00 арасында тік мінезді, әрдайым тәртіпке бағынатын адамдар туылады. Сағат 6.00 мен 8.00-де туылған адамдардың жан дүниесі өте сезімтал, арманшыл келеді. Сағат 8.00 мен 10.00 аралығында тартымды да адамгершілігі мол жандар туылады. Сағат 10.00 мен 12.00-де мансап жолын қууды жөн көретін, атаққұмар адамдар туылады. Сағат 12.00 мен 14.00 аралығында қызықты оқиғаларға тап болғанды ұнататын, әрдайым нар тәуекелге бел буатын адамдар дүниеге келеді. Сағат 14.00 мен 16.00 аралығында қиындықты жақсы көретін, шатақ шығарғыш адамдар туылады. Сағат 16.00 мен 18.00-де мейірімді, өзгелерді татуластырып жүретін адамдар туылады. Сағат 18.00 мен 20.00-де рухы мықтылар туылады. Сағат 20.00 мен 22.00-де жұлдыздай жарқырай білетін адамдар туылады. Сағат 22.00 мен 24.00 дүниенің парқын білетін философтар туылады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар