Басты жаңалықтар
Петропавлда 23 жастағы Азия чемпионын автобус қағып өлтірді
- автор kyn.kz
- 22 қараша, 2018
- 255

Спортшы жаяу жүргіншіге арналған бағдаршамда мерт болды
Петропавлда Қазақстан мен Азияның бірнеше дүркін жүлдегері Виктория Шестопалованы автобус қағып кетті. Ол алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлады Петропавловск.news.
Трагедия кеше кешкі сағат 18:00 шамасында Жабаев және Чайковский көшелерінің қиылысында болған. 23 жастағы Петропавл тұрғынын бағдардағы автобус қағып кеткен.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағына сәйкес, "Көлік құралдарын пайдаланатын тұлғалардың көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар қажетті сараптама тағайындалды"- деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі.
Жол апатының мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
«Қар аралас жаңбыр»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2025