Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ринат Заитов: Қазіргі жүйенің дұшпанымын, солай болу міндетім

Ринат Заитов: Қазіргі жүйенің дұшпанымын, солай болу міндетім
ашық дереккөз
Ақын Ерлан Сағадиевтің білім беру жүйесіндегі әдістерін сынап, оны ақылды, кемеңгер деп әжуалады.
"Билік деген бір жүйе. Бір өзеннің арнасы.  Сол жүйеде бір ағыста жүрген адам демек сондағы жақсы-жаман ұстанымның барлығымен келіседі деген сөз",-дейді  Ринат Зайтов. Журналистің "Қазақ халқы бақытты ма, сіз бақыттысыз ба?" деген сұрағына да ақын  ашық жауап береді. "Өз елінде құқығы екінші орында, тілі үшінші орында. Өзінің ұлттық болмысы оныншы орында тұрған ұлт өз елінде бақытты деп ойлайсыз ба?",  деп журналист Аида Боранбайға қарсы сұрақ қойды. Ақын тікелей эфирде халық алында еленбей қалудан қорқатынын ашық айтты.Кезінде бірталай уақыт бойы айтыстардан шеттетілген ақын, қазірдің өзінде облыстарға барса қысым көреді екен. Ринат Заитов Білім және ғылым министрінің қазіргі жүйеге қосқан үлесі мен мектеп оқушыларын оқыту, білім беру тәртібіне көңілі толмайтынын айтып өтті. "Мен балаларыма сабақ оқыта алмаймын. Оқыта алмаймын дегенде олардың  тапсырмаларын түсінбеймін. Оқушылар дене шынықтыру сабағынан реферат жазады. 2- сынып оқушысы барасалып Шәкәрім Құдайбердіұлы жайлы шығарма жазуы керек. Осының барлығы біздің ақылды, кемеңгер министрдің бағдарламасы бойынша… Сондықтан қазіргі балаларға сабақ оқытып, көмектесу үшін өзің қайта оқуың керек шығар",-  дейді ақын.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар