Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

6-сынып оқушысының апат орнында қалдырған хаты миллиондаған халықтың жүрегін елжіретті

6-сынып оқушысының апат орнында қалдырған хаты миллиондаған халықтың жүрегін елжіретті
ашық дереккөз
Жас жігіт осы хаттыі арқасында көлігін соғып кеткен адамды тауып, хат авторына желі арқылы іздеу жариялады.
Жол-көлік оқиғасы болған жерге оқушы қыз көргенін сурет арқылы баяндап қалдырып кеткен.
АҚШ-тың Буффало қаласында тұратын Эндрю Сипович жеке көлігін өзі тұратын маңдағы тұраққа қойып кеткен. 21 жастағы студент қайтып келгенде көлігін біреудің оңдырмай соғып, оқиға орнынан бой тасалағанын байқайды. Бұл туралы Эндрю твиттердегі парақшасында  жазды, деп хабарлады L!FE.
Жігіт көлігінің жанынан хат тауып алады. Бір жапырақ суретте  болған жайттың бәрі баяндалыпты. Тіпті сурет арқылы түсіндірген. Эндрю хатты алтыншы сыныпта оқитын қыз бала жазғанын, бірақ аты-жөнін көрсетпегенін айтты. Дегенмен ол қыздың арқасында өз көлігін кім соғып кеткенін анықтады. Хабарламада қыз не болғанын толық баяндаған екен. Ол жол-көлік оқиғасына 449 нөмірлі мектеп автобусы кінәлі екенін айтқан.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар