Басты жаңалықтар
Айжұлдыз Адайбекова Сұлтанқызының әдепсіздігіне қайран қалғанын айтып, ренжіді
- автор kyn.kz
- 25 қараша, 2018
- 1.8k
Айжұлдыз: Қазір адамды мазақ ету сән емес. Бірінші орында адамгершілік!
Жас дизайнер Айжұлдыз Адайбекова Сұлтанқызы мен Алмас Алтайдың бағдарлама жүргізуде қонақтарды мысқылдап, мазақ етіп отыратынын айтып өкпесін айтты, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова Ләйлә Сұлтанқызы мен Алмас Алтайға ренішін білдіріп, ток-шоуда қонақтардың намысына тиетін сұрақтар қойып, мазақ етумен айналысады деп айыптады. Айжұлдыздың сөзінше қазіргі кезде адамның сыртқы келбетіне қарап емес, ішкі дүниесіне үңілген жөн.
"Мен Әлиді шығармашылық адамы ретінде өте құрметтеймін. Меніңше ол өте креативті, тәрбиелі, өте жақсы адам. Мен біздің тележүргізушілерге таңым бар. Қашан, Қашан дұрыс сұрақ қойып үйренеді екенсіздер.
Бағдарламаны толық көріп шықтым. Студия қонағын яғни Әлиді шақырып алып, мазақтап, намысына тидіңіздер.
Қазір 21-ші ғасыр. Біреудің намысына тиіп, құқығын, ар-намысын таптауға болмайды. Мен шығармашылықты, өнерді түсінетін адам ретінде Әли сені өте құрметтеймін, саған сәттілік тілеймін",- деді Айжұлдыз Адайбекова. Есте болса, "Өз ойым" бағдарламасына Әли есімді қыздарша киінгенді ұнататын жігіт келіп, өзі жайлы барлық сұрақтарға жауап берген еді.