Басты жаңалықтар
Ұлттық банк банкрот болған банктердің салымшылары өз ақшаларын қалай және қашан ала алатынын айтты
- автор kyn.kz
- 27 қараша, 2018
- 889
Мәселен, Qazaq банкінің салымшылары оныншы желтоқсаннан бастап құйған қаржыларын ала алады.
Астана банкі мен Эксимбанктің кепіл- агенті кім болатыны яғни міндеттемелерін өз мойнына қай банк алатыны төртінші желтоқсанда белгілі болады. Салымшыларға шетел валютасында 5, ал ұлттық валютада 10 млн теңгеге дейін төленеді.
Банк-агент түскен өтініш бойынша 5 күннің ішінде ақшаны аударуы тиіс. Толық ақпарат Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының сайтында, деп хабарлайды KYN.KZ. Кепілдікті өтемақы төлеу қолма-қол ақшамен немесе салымшының басқа банктегі шотына аударыммен теңгемен ғана жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте салымшының алынған кепілді өтемақыны агент-банктің шотында қалдыруға мүмкіндігі бар.
Барлық кепілді өтемақыларды төлеу тек ұлттық валюта – теңгемен жүзеге асырылады. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдікті өтемақыны есептеу үшін банкті мәжбүрлеп тарату туралысот шешімі заңды күшіне енген күні белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланылады.
Келесі мақала
Ешқандай диетасыз арықтаудың жолы анықталды
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




