Басты жаңалықтар
Тазабеков қыздарды жаман жолдан сақтаудың ислами жолын атады
- автор kyn.kz
- 28 қараша, 2018
- 250
Ақын: Мен өз қыздарымды осылай тәрбиелеймін, сіздерге де осы әдісті ұялмай ұсына аламын.
Танымал ақын Мұхамеджан Тазабеков қыздардың жаман жолға түсіп, өздерін бағаламай көрінгеннің етегінен ұстап, соңында ластанып қалуына әкелер мен ағаларды кінәлады, деп жазды KYN.KZ. Тазабеков ұсынып отырған әдісін өзі де қыздарына пайдаланатынын айтты.
"Әкелер, қыз баланы сіз еркелетіңіз, құрмет көрсетіңіз, алақаныңызда ұстаңыз, жақсы сөздер айтып мерейін өсіріңіз. Қыз баласына бар жақсы сөзіңізді арнаңыз, онымен киноға барыңыз, қалаған тәттісін алып беріп, ертіп жүріңіз, ұзақ әңгімелесіп, оның қандай асыл, қандай құрметке ие боларлық адам екенін түсіндіріңіз.
Өзіне деген бағасы артсын. Мұндай сөздерді көшедегі көрінген адам айтып, жалыққан кезде тастап кете қойғанда не болады? "Менің жарым болшы" деп айтуға жүрегің дауламайтын небір әдемі, сүйкімді қыздар жезөкшелікке осының арқасында түсіп жатыр. Оларды көшедегі жаман пиғылды азаматтар қалаған жеріне дейін ертеді, сосын иесіз қалдырады.
Сіз қызыңыздыөзіңіз алақаныңызда ұстасаңыз құлағы арқылы жүрегіне жылылық ұялатыңыз. Аямай еркелетіңіз. Бұл әдісті өз қыздарыма да қолданамын, сондықтан сіздерге ұялмай ұсынып отырмын",-дейді ақын.
Мұхамеджан Тазабеков қазақ қоғамында қыздардың тәрбиесін қолға алмаса ұлт болашағына қауіп пен қатер төніп тұрғанын ескерте отырып, әр отбасы балаларымен заманға сай психологиялық, ислами жолда жұмыс істеуі керек дегенді айтты.
Посмотреть эту публикацию в InstagramМұхаммеджан Тазабеков қызбаланы жаман жүрістен сақтаудың ислами жолын атады. Келісесіз бе?
Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)