Басты жаңалықтар
Төртінші ұлды болған Тоқтар Бейбітке дайындаған ерекше сыйлығын атады
- автор kyn.kz
- 28 қараша, 2018
- 231
Әнші: Бейбітте бәрі бар, сондада ең қажеттісі деп осы екі бағалы дүниені жоспарлап отырмын.
Танымал әнші Бейбіт Сейдуалиева мен Тоқтар Серіковтің шаңырағында төртінші ұл дүниеге келгенін естіген халық жұлдызды жұпты жарыса құттықтады.
Отағасы ерке келіншегін үш ұлында да сыйлықсыз қалдырмапты, бұл жолы сыйлықтың "атасын" сыйламақшы, деп жазды KYN.KZ "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасай отырып.
"Мен негізі Бейбіт жүктілігін айтып сүйінші сұрағанда екеуіміз отырып айларды санадық. Сонда күліп, "туған күнім күні босаншы" деп әзілдегем. Расыменде солай болды. Енді ұлым екеуіміз туған күндерімізді бірге тойлаймыз.
Алғаш үйленген жылдары Бейбітке "бірінші төрт ұл, содан кейін қыз баланы дүниеге алып келсең" деп айтқам. періште әумин деген болар расымен болып жатыр бәрі. Бейбітт негізі қызды қалайды. Мен болса қызғаншақпын, қызды ертең ұзатасың қалай шыдаймын деп қорқамын.
Үш ұлымда да Бейбітті сыйлықсыз қалдырған емеспін. Бейбітте барлығы бар. Осы жолы оған ең қажетті деп Астанадан бес бөлмелі үй мен көлігін жаңартып қуантқым келіп тұр. Оның маған бір ұнайтын қасиеті сыйлыққа аса құмар емес. Әйел заты болғаннан кейін шығар жылтырға әуес",-деп күлді Тоқтар Серіков.