Басты жаңалықтар
"Бізді мәжбүрледі". Альварестің промоутері соңғы жекпе-жек туралы шындықты айтты
- автор kyn.kz
- 28 қараша, 2018
- 361
Эрик Гомес: Біздің еркімізде болса, бұл жекпе-жекті болдырмай қоятын едік
Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес бір кездері Сауль "Канело" Альварестің әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуіне қарсы шыққанын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
"Канелоның" Остин Траутпен жұдырықтасуына қарсы болған едім. Бірақ "Канело" бәрібір де осы жекпе-жектің өткенін қалады. Себебі, ол біз көрмеген нәрсені көріп, біз білмегенді білді. Головкинмен өтетін жекпе-жекке қатысты да ұқсас жағдай болды. Біздің еркімізде болса, бұл жекпе-жекті болдырмай қоятын едік. Бірақ "Канело" осыны қалап, бізді келісім беруге көндірді", — деді Эрик Гомес.
Сондай-ақ, ол мұндай жағдайдың бірнеше рет болғанын айтып өтті. Бір кездері компания президенті Мэйвезермен жекпе-жек өткізуге де қарсы болған екен. Бұдан өзге ол "Канелоның" әрдайым өзіне сенімді екенін айтып өтті.