Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қайрат Нұртасқа қатты ғашық бойжеткен өзіне қол салмақшы болды (видео)

Қайрат Нұртасқа қатты ғашық бойжеткен өзіне қол салмақшы болды (видео)
ашық дереккөз
Қайрат, әлгі қызға "Өлмеші! Мен біреу ғанамын. Сендер көпсіндер ғой" деп жалынды.

Қайрат Нұртасқа ес-түссіз ғашық болған ару балконнан секіріп өлмек болған. Хитменнің анасы осыдан бірнеше жыл бұрын орын алған оқиғаны баяндап берді .

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, Қайраттың 18 жасында бір қыз хабарласқан. Телефон тұтқасын көтерген әншіге белгісіз бойжеткен балконнан секіріп өлетінін айтыпты.

"Қайраттың 18 жасында "Арман" әні xит болып жатқан кездегі бір оқиға есіме түсіп кетті. Телефонына бір жас қыз звондап, "Қайрат мен тек сені ойлаудан, сенің әндеріңді тыңдап, сені күтуден шаршадым. Еш жерге сияр емеспін, дәл қазір келмесең, балконнан секіріп өлемін" дейді. Оны тыңдап тұрған Қайрат, әлгі қызға "Өлмеші! Мен біреу ғанамын. Сендер көпсіндер ғой" деп жалынып жатыр. Трубканы қойған соң, "Танымайтын біреу ғой. Бірақ өліп қалса не істеймін? Мені қамап тастайды ма?" деген сауал қойды", - деп Гүлзира Айдарбекова Instagrqam парақшасында естеліктерімен бөлісті.
 
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мына әніне қарап, Қайраттың 18 жасындағы "Арман" әні xит болып жатқан кезіндегі бір оқиға есіме түсіп кетті. Телефонына бір жас қыз звондап, Қайрат мен тек сені ойлаудан, сенің әндеріңді тыңдап, сені күтуден шаршадым. Еш жерге сияр емеспін, дәл қазір келмесең мен балконнан секіріп өлемін дейді.😊 Оны тыңдап тұрған Қайрат, ана қызға жалынып жатыр. Өлмеші, мен біреу ғанамын, сендер көөөпсіндер ғой деп. Трубканы қойған соң, танымайтын біреу, бірақ өліп қалса не істеймін, мені қамап тастайды ма дейді. Ол кез аңғал әрі аңқау кезі ғой.😅 Эx небір қызықтар өтті ғой😊 Ол кезде Жұлдыз да өте аңғал бала болатын. Бір күні бадырайған көзі одан сайын бадырайып, үркіп келіп тұр. Не болды, тыныштық па десем: мама, тыныштық емес, бір қыздар звондап, сенің кесіріңнен Қайрат Нұртас өліп қалыпты ғой, енді сені өлтіреміз дейді,- деп тұр. Тура бір үйге қыздар кіріп келіп Жұлдызды өлтіретіндей күйде. Ішек-сілем қатып күлгенмін, аңғалдығына😅 Енді екеуі мені алдамаса алданбайтындай қайта маған ақыл айтатын жасқа жетті. Аман болсын, балапандарымыз!🤫😘❤️❤️

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар