"Өмірде әртүрлі жағдай болады. Қыз баланың тұрмысқа шықпай бала туғаны бізде ұят саналады. Мұнан бөлек олар туған баласын неге тастап кетеді? Себебі олардың барар жер, басар тауы қалмайды. Үй жоқ, жұмыс жоқ.
Неге бізде ажырасу 25-30% пайызға жетті? Себебі біз балаларды осыған дайындамаймыз. Балалар өскенде мұндай жағдайларға дайын болмайды. Ал қыз баланың аяғы ауыр болып қалса, не болады? Біздің қазақтарда "ұят" деген сөз бар.
Бірақ басқа елде қыз бала 13-14 жасқа келгеннен бастап, психологтар арнайы жұмыс істей бастайды.
Біздің психологиямызды өзгерту керек. Бала туғанның еш ұяты жоқ. Ол - табиғат заңдылығы", - деп мәлім етті Назарбаев.Сондай-ақ, Елбасы Қазақстанда аналар үйінің қажет екенін айтты. Мұндай үйлер жас ананың баласынан бас тартпай, жұмыс істеуіне, аяғынан тік тұруына көмек көрсетеді.