Басты жаңалықтар
Алматыда белгілі кәсіпкердің қызын кім және қалай ұрлағаны анықталды
- автор kyn.kz
- 30 қараша, 2018
- 206
Қазір төрт күдікті тергеу абақтысында, олар адам ұрлау жоспарын қалай құрғандарын айтып берді.
Алматылық кәсіпкер Рүстем Бөлекбаевтың қызын ұрлап, оны қайтару үшін 500 мың АҚШ долларын талап еткен өзінің сенімді адамы болып шықты. Оқиғаны тергеу кезінде полицейлер мән-жайдың қалай болғанына көз жеткізген, деп жазды KYN.KZ сайты "Время" басылымына сілтеме жасай отырып.
Күдіктілер бұл жағдайды жүзеге асырып жеңіл ақшаға қол жеткізу үшін бір ай бойы дайындалыпты. Олар алдымен кәсіпкердің қызының қай уақытта қайда баратынын жіті зерттеген. Мәриямды сыныптасымен бірге Асылан есімді көлік жүргізушісі сабақтан алып қайтып жатқан сәтте оқиға басталған. Көлік кептелісінде кәсіпкердің қызы отырған көлікті соңында кележатқан жеңіл көгін жанап өтеді. Сол жерде жүргізуші бірден айыбын мойындап, Асыланға жөндеу жұмыстары үшін 50 мың теңге беруге келіседі. бірақ ақшаны үйден алу керектігін түсіндіреді.
Екі көлік сол ақшаны алу үшін айыпты жүргізушінің үйіне қарай бет алады. ЖолаКәсіпкердің қызы отырған көлікті соққандар бірден тоқтап, соңында келе жатқан жүргізушіге тап береді. Асыланды тоқшокерімен талдырып, Мәриямды өз көліктеріне салып алып кетіп қалады. Асылан есін жиған кезде ұрланған қыз болған жайтты баяндап береді.
Асылан бірден оқиға орнынан кете алмайды себебі қаскөйлер көлік кілтін алып кеткен. Қылмыс жасаған топ бірден қыздың әкесіне хабарласып жарты сағаттың ішінде 500 мың АҚШ долларын "Алтын орда" базарына алып келіп беруді талап етеді.
Полиция бірден іске кірісіп, кілтке тағылған GPS құрылғысының арқасында күдіктілердің қайда екенін анықтап алған.
Одан қалса қызды ұрлау кезінде көліктің рөлінде ер адам және оның әйелі мен медициналық маска таққан жасөспірімнің рөліндегі қыз болыпты. Олар Мәриям мен сыныптасының да телефондарын алып кеткен. бірақ асығыс жүріп оқиға орнында жүргізушінің рөлін сомдаған күдікті телефонын түсіріп алады.
Полиция сол номерлерді тексеру арқылы олардың кіммен сөйлескендерін анықтайды. Қыздың жүргізушісі күдіктілер отырған көліктің номерін жаттап қалғанымен, анықтай келе ол номердің ұрланғаны белгілі болады.
Соңында полиция қызметкерлері Өзбекстан азаматтарын жалдап Мәриямды ұрлатпақшы болған Рүстем Бөлекбаевтің сенімді досы, отбасылық күзетшісі екенін анықтайды. Кәсіпкер ұзақ уақыт бұл қорытындыға сенбестен досына қорғаушы жалдап бермекші болады.
Руслан Молдағалиев кәсіпкермен ұзақ жылдар бойы досы болып араласқан. Әйелі қайтыс болған кезде оған қолдау көрсетіп, бірге демалып, бірге көңіл көтеріп жүрген бар құпиясын білетін күзетшісі де болған.
Ол осы оқиғаны ұйымдастырып оңай олжа табу үшін Өзбекстаннан келген жеңіл жүрісті қыздарды жалдаған. Тергеу кеізінде төрт күдікті де өздері жасаған істі қалай жоспарлағандарын айтып берген.