Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарда "Ана үйін" паналаған Олеся қазақша салт-дәстүрмен ұзатылды (Фото)

Павлодарда "Ана үйін" паналаған Олеся қазақша салт-дәстүрмен ұзатылды (Фото)
ашық дереккөз
Олеся мен Иванның махаббат оқиғасы да киноға бергісіз оқиғаларға толы.
Олеся мен Иван төрт жыл бұрын танысқан. Ол кезде Олесяның көңіл қосқан жігіті болып, сондықтан да Иванның үйлену жайлы ұсынысын қабыл алмаған, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  width= Алайда жарты жылдың ішінде өмірі күрт өзгерген Олеся бүгінгідей бақытты боламын деп еш ойламапты. Себебі сенген жігіті аяғы ауыр Олесяны тастап кеткен.  width= Амалсыз "Ана үйін" паналап жүрген қызды көше бойындағы дүкеннен көріп қалған Иван  оны "бала күтіп жүр, бақытты екен" деп ойлайды. Сөйлесе келе қыздың басындағы ауыр қайғыны түсінген ғашық жігіт оны осы жағдайдан шығарып алып, бақытты етудің жолдарын қарастырады.  width= Артынша кафеде Олесяны кездесуге шақырған Иван бірден тосын сый әзірлеп,оған сақинасы мен үйлену жайлы ұсыныс жасайды.  width=  width= Көзіне жас алған 20 жастағы қыз бірден келісімін беріп, сол жерде екеуі үйленуге шешім қабылдайды.  width= Павлодардағы "Ана үйінің" қызметкерлері Олесяны сырға салу салтынан бастап, құдалық жасап ұзатып салды. Тойда қазақша беташар болып, екі жастың бас қосқан күні салтанатты түрде тойланды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар