Басты жаңалықтар
Джеки Чан өзінің қандай жиіркенішті адам болғаны жайлы ашық айтты
- автор kyn.kz
- 2 желтоқсан, 2018
- 332
Актер: Мен жақсы әке, жақсы күйеу бола алмадым. Актердің бір қызы әйел адаммен некелессе, ұлы Қытайдағы нашақорлар тізімінде.
Танымал актер Джеки Чан өзінің "Never Grow Up" ("Ешқашан есейме") кітабында өміріндегі бар қиындық пен ақшаға елтіп көзіне қарапайым бақытты өмір көрінбей кеткен сәттері туралы ашық жазған. Мәселен, ол әкелік міндетін дұрыс атқармағанын әрі әйелдерге деген нашар пікірде болғанын жасырмаған, деп жазады Daily Mail. Ол кітабында кезінде ішімдік пен жезөкшелерді отбасынан артық көріп, әйелі мен балаларын қорлағанын айтқан. Ішімдікке сылқия тойып бір күнде қымбат екі көлікті аударып тастап, әйелімен ұрысып жатып құндақтаулы ұлын лақтырып жібергенін де жасырмаған.
"Кейдей жерден шыққан адам, көп ақшаны көргенде өмірге деген көзқарасы өзгереді. Мен көп адамдармен бірге жүргенді ұнататынмын. Он жыл бұрын бір жылдың ішінде өзім танығанмен сөйлескен жанның барлығын досым деп ойлап, олардың тамақтары үшін екі миллион доллар ақшамды жұмсадым. Әрі өзгелердің қуанышында бағалы ерекше сыйлықтар сыйлап өзімді көрсеткім келеті. Тіпті "мен бір көріп сөйлескен адамымды да жарылқауға дайын тұратынмын" дейді актер.
Ол балаларының тәрбиесі мен отбасына "суық" болғанын жасырмайды. Үйде қыдыруға күтіп отырған бала-шағасына бара жатып, жезөкшелерге бұрылып кеткен кездері көп болыпты.
Сонымен қатар, актер бірінші әйелі Жоан Линьнен ақшасын тыққанын еске алады, ол қызға өзінің тек ақшасы керек деп ойлаған. Осы дәлелсіз ойының кесірінен оны жиі жылатып, қорлауды әдетке айналдырған. Оны жазалау үшін келіншегінің көзіне шөп салып, актриса және бұрынғы "Азия аруы" Элейн Нгмен кездесіп жүрген. "Мен жақсы әке немесе жақсы күйеу болған емеспін, ұлым мен оның анасының алдындағы парызым өтелмей қалды", — деп әңгімелейді Джеки Чан.
Актер кітабында осындай жаман қылықтарды психологиялық тұрғыдан есеймегендіктен және өз-өзіне сенімсіз болғандықтан жасағанын айтады.