Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарақат: "Жыл таңдауы" концертіндегі әншілерден көңілім қалды

Қарақат: "Жыл таңдауы" концертіндегі әншілерден көңілім қалды
ашық дереккөз
Әнші ұлттық музыкалық жүлдеге қатысып, көңілі түсіп қайтуының себебін айтты.
Танымал әнші Қарақат Әбілдина кеше ғана Алматының төрінде өткен "Жыл таңдауы-2018" байқауына үміткер ретінде қатысып, жас әншілердің жүріс-тұрысына қарап қарны ашып қайтқаны жайлы айтты. "Қатысушы өте көп болды. Мұндай ауқымды жоба біз үшін де өнер сүйер қауым үшін де қажет.Жарық, дыбы, техникалық жағы керемет жасалған. Бірақ көңілімде бір кірбің ұялады. Сын емес, құлаққағыс, жанашырлық ретінде айтқым келеді. Ұлттық деген сипаты болған соң, сол атқа лайық болса. Сырға тағып, шашын бояп, сызылып ән салған жігіттерді көріп жаман әсерде қалдым. Ертең алаларымыз соларды көріп өсе ме. Әнші ғана емес, ана ретінде де осы ой мазалайды. Қанша жерден жаңа заман болса да, қазақылық қайда қалды? Эстрада неге сонша өзгерген, балаларымыз соларды көріп өсуі керек пе? Ұйымдастырушылар келесіде осыны ескерсе деген тілегім бар",-деп жазды әнші. Осы жазбадан кейін орта буын әншілер мен сол жиынға қатысқан өнер адамдары Қарақатты қолдай түсті. "Өте орынды ескерту, шын жанашырлық пен шынайы алаңдаушылық",- дейді аталмыз жиында жылдың үздік айтыскер ақыны атанған Балғынбек Имашев.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар