Басты жаңалықтар
Аруларды кітап оқымайды дейтін Әнуар Нұрпейісовтің өзі ұятқа қалды (видео)
- автор kyn.kz
- 2 желтоқсан, 2018
- 292
Актер Абайдың қара сөзін білмей қалды, әрі ол үшін еш ұялмайтынын жеткізді.
"Қызық таймс" бағдарламасында қонақта болған Әнуар Нұрпейісовке бойжеткен қазақ әдебиетінен сұрақ қойып, оны ұялтып тастады, деп жазды KYN.KZ.
"Абайдың төртінші қара сөзін білесіз бе?" деген сұрақ қойылды Нұрпейісовке.
"Әр қазақ Абайдың қара сөздерін нөмірімен біледі деп айта алмаймын. Абайды оқығанмын. Бірақ нақты төртінші қара сөзінде не дегенін білмейді екенмін. Өзіңіз айтыңызшы, Абайдың қара сөздерін көп оқыған болсаңыз алтыншы сөзінде не дейді. Соны айтып бере аласыз ба?",-деді Нұрпейісов.
Сұрақ қойған бойжеткен актердің сөзіне нақты жауап бермесе де өзінің қойған сұрағының жауабын білетінін, бірақ Әнуардың өзі қойған сұраққа өзі жауап бере алмайтынын мойындатты.
"Мен алтыншы қара сөзінде нақты не дегені толық есімде жоқ. Бірақ, төртінші сұрақта күлкі мен адамның арсыз қасиеттері жайлы айтылған. Сіз де үнемі қыздарға ақыл айтып жүресіз ғой, сондықтан осыны біле жүріңіз. Ал өзіңіз алтыншы қара сөзінде не делінгенін айтып беріңізші?",-деді бойжеткен.
Осы кезде Әнуар тосылып, сұраққа жауап бере алмайтынын бірден мойындады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramӘнуар Нұрпейісовтің өзі Абайдың қара сөзін білмей ұятқа қалды
Публикация от жұлдыздар жаңалығы осында (@kz.stars.kz)