Басты жаңалықтар
Ұшақ апатқа ұшыраған кезде аман қалудың жолдарын біле жүріңіз
- автор kyn.kz
- 2 желтоқсан, 2018
- 285
Ұшақтағы қауіпсіздік бойынша арнайы маман жолаушыларға негізгі ережелерді атады.
Бортсеріктер үнемі жолаушылармен бірге әуеде жүргендіктен олар көптеген сынақтардан өтіп, арнайы дайындықтарды үнемі қайталап жүреді.
Себебі әуесерік психологиялық тұрғыдан мықты, қиын сәтте дұрыс шешім қабылдай алатын, эмоцияға қарағанда ақылы басым адамдар болады.
Осындай жаттығу жасап жүрген бортсерік қарапайым халыққа апат кезінде қорғанудың бірнеше жолын ұсынды, деп жазды KYN.KZ сайты Daily Express-ке сілтеме жасай отырып.
Әкесеріктің сөзінше адамдар көп жағдайда ұшақ жерге құлағаннан кейін барып, адамдар қайтыс болады. Сол үшін бірден ұшақтан қашып шығудың амалдарын қарап, барынша құлаған ұшақтан алысқа қашу керек.
Әр жолаушы ұшаққа отырған кезде апат кезінде шығатын есіктерді алдымен бақылап алуы керек. Себебі сақтықта қорлық жоқ.
Әрі сол есіктің жанында отырған адам оның қалай ашылатынын білгені жөн. Сондай-ақ, балалы, жүкті келіншектер арнайы кисларод толтырылған масканы қолданудың ережесін білгені жөн. Алдыммен адам өзіне сосын жанындағы баласына көмектескені абзал екен.
Жолаушылар жолға шығар кезде құжаттары мен ең керек заттарын киімнің қалтасына немесе кішкентай сөмкеге салып алғаны жөн. Әрі спорттық киімде сапарға шыққан абзал екен.