Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мәскеуде ән салған Димаш  ресейліктерді өз өнеріне тәнті етті

Мәскеуде ән салған Димаш  ресейліктерді өз өнеріне тәнті етті
ашық дереккөз
Құдайбергенов "Жыл әні" фестивалінде Игорь Крутойдың "Любовь уставших лебедей" әнін орындаған

Ресейде дәстүрлі түрде өтетін "Жыл әні" (Песня года) фестивалінде танымал композитор Игорь Крутойдың "Любовь уставших лебедей" әнін орындаған Димаш Құдайберген мәскеуліктерді таңдай қақтырды.

Ерекше даусымен әлемге танылған қазақстандық әнші Ресей астанасында өткен кешке арнайы барған.

Ол өзінің Instagram парақшасында Мәскеуге жасаған сапарында түсірілген түрлі видеолармен бөлісті.

Кадрларда Димаштың ән орындап жатқан сәттері мен қалың көрерменнің оған деген қошеметі көрсетілген.

Сонымен бірге, әнші ресейлік композиторға керемет әндерді дүниеге әкелгені үшін және өзіне үздіксіз қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.Тағы басқа видеоларда қызыл кілеммен жүріп өткен Димаш Құдайбергенді көпшіліктің ыстық ықыласпен қарсы алғаны көрінеді.

Желі қолданушылары болса әншінің өнеріне кезекті мәрте тәнті болып, жылы лебіздерін жарыса жазды.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар