Басты жаңалықтар
Тәуекел Мүсілім өзін "көгілдір", альфонс дегендерге жауап берді
- автор kyn.kz
- 3 желтоқсан, 2018
- 961
Актер: Мен Жанар Доғалованың арманындағы, бар тілегін орындай алатын жігіт емеспін.
Қазақстанның ең сымбатты жігіті, ең әдемі қазақ атанып кеткен Тәуекел Мүсілім Майя Бекбаеваға жеке өмірі мен шығармашылығы жайлы сұхбат беріп, желіде көпшілікті мазалап жүрген мәселелерге нүкте қойды.
Актерді көпшілік Жанар Доғаловамен қосатын. Оған себеп әншінің клипіндегі екеуінің еш қымсынбай сүйісуі еді.
"Мен Жанаррмен жақсы доспын, бізді әріптестік яғни жұмыс байланыстырады. Жанарға бар арманын орындап, әр бір детальға мән беретін, еркелігін екі етпей көтеретін жігіт, өмірлік жар керек. Менің табиғатым мүлде басқа. Мен ондай адам бола алмаймын. Сондықтан біздерді қосудың еш қажеті жоқ. Себебі екі бөлек әлемнің адамдарымыз",-дейді актер.
Тәуекел Мүсілімнің желідегі парақшасына әрбір оныншы Қазақстандық жазылыпты. олардың көпшілігі аз уақыттың ішінде танылып, бірнеше киноға қатарынан түсіп, айы оңынан туып жүрген актерді "көгілдір" немесе ауқатты әйелдің нақсүйері альфонс деп жориды екен.
"Мен өзіме сенімдімін. Адамдар көгілдір десе дейберсін. Альфонс десе де өздері біледі. Негізінде қандай екенімді өзім білемін. Сондықтан қазір, кезінде ашуланатынмын, ешқандай осы сияқты анайы сындарға көңіл де бөлмеймін.
Сосын өзімді сондай жұрт айтқандай "ең әдемі қазақ" санамаймын.Себебі меннен де әдемі, келіскен жігіттер мен қыздар көп. Бала күнімнен өз киномды кинотеатрдан тамашалап отырған сәттерді өзім елестетіп қиялдайтынмын.
Расымен арманым орындалды. Ал қазір өзімнің Оскар сыйлығын алып жатқанымды елестетемін. Сондықтан менің мақсатым әлемдік киноларда төбе көрсетіп, шетелдік көрерменге танылу",-дейді Тәуекел Мүсілім.