Басты жаңалықтар
Жазира: "Тойымызға ажырасқан әншілерді шақырғымыз келмейді" дейтіндерге қатты ренжідім
- автор kyn.kz
- 3 желтоқсан, 2018
- 1.4k
Жеңіс Ысқақова болса ерлі-зайыптылардың ажырасуына көп жағдайда келіншек пен оның сөзін сөйлейтін анасы кінәлі дейді.
Әнші Жазира Байырбековаға той иелерінен өнер адамдарды тағдырына қарап алаламауды сұрады.Танымал әнші Жазира Байырбекова той иелері әншілерді отбасылық жағдайы мен тағдырына қарай сынайтындарға өкпелі. Әншіің сөзінше, өздерін тойда өнер көрсетуге шақыратындардың дені өнердегі ажырасқан әйелдерді сынап, сөз қылатын көрінеді.
Бұл туралы "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасай отырып KYN.KZ жазды.
"Ажырасу мәселесіне қазіргі тоқшылық себеп болуы мүмкін. Барлығымызда жанымызға керектінің бәрі бар. Содан адамдарда сенімділік пен тәкәппарлық пайда болады.
Біржағынан, отбасын сақтап отырған әріптестерім мен ажырасқан әншілерді салыстырсам олардың бойында өмірге деген ортақ көзқарас, түсінік бар. Мүмкін әнші қыздарды күйеулері іссапарлардан қызғанатын болар. Одан қалса той иелері "Ажырасқан әншілер емес өздеріңіз сияқты үлгілі отбасы болып жүрген әншілерді шақырсақ деп едік" деп айтып жатады.
Мен сол кезде қатты ренжіп қаламын. Адамды тағдырына қарап алалауға болмайды. Қай қыз бақытсыз болсам деп тұрмысқа шығады? Барлық адам бақытты болғысы келеді. Сондықтан, адамды тағдыры мен өміріне қарай бөлу дұрыс емес",- дейді әнші Жазира Байырбекова.
Ал дәл осы сұраққа әнші Жеңіс Ысқақова тәкәппар қыздар мен оларға сондай тәрбие берген қыздарды кінәлады.
"Әйел адам шыдамды болса отбасын сақтап қалады. Өзі таңдап тиген жігітті кейіннен жамандап шығып, өздері өтіргіші болады осы қыздар. Қиындық кімде жоқ қазір? Егер сол қиындық пен тіпті таяқтауға шыдамдылық танытса отбасы сақталады. Ал сол күйеуінің ашумен айтқан сөзін көтере алмайтын қыздарының сөзін сөйлейтін аналарды мүлде түсінбеймін. Міне ажырасудың көбеюіне осындай аналар мен сөз көтере алмайтын қыздардың өзі кінәлі",- дейді әнші Жеңіс ысқақова.