Басты жаңалықтар
Бүркіт: Тоқал алу тәрбиемде жоқ, мен үшін нағыз жабайылық
- автор kyn.kz
- 4 желтоқсан, 2018
- 407
Әнші Бүркіт пен Айша балаларының суретін желіге жүктеген күні қызулары көтеріліп, ауырып қалатындарын айтады.
Танымал әнші Бүркіт пен Айша Астана арнасындағы "Сырласу" бағдарламасында отбасы, балалары туралы сұхбат берді. Олар елдің алдында, ахнада қалай көрінсек өмірде де осындаймыз дейді.
"Біздер өмірде қандай болсақ, сахнада сондаймыз. Үйде ұрысып-таласып, елдің алдында күле салу деген жоқ. Махаббатпен, жүріп барып қосылған адамдармыз. Сондықтан екі жүзділік дегенді аса бір ұната бермейтін адамдардың қатарына жатамын.
Әрине әйелім ретінде Айшаға қоятын шектеулерім бар. Отбасындағы жеке жағдайлар мен балаларымыз туралы көп айта бермейміз. тіл, көз дегенге сенемін. Расымен балалардың суретін желіге салған күні ыстықтары көтеріліп ауырып қалады",-дейді әнші Бүркіт.
Кезінде талай қыздың арманы болған жігіт өнердегі тоқал алып бақытты болдым дейтін әріптестерінің әрекетіне еш қарсы емес. тек өзі олай жасамайтынына сенімді.
"Мен үлгілі отбасында тәрбие алдым. Әкемнің әр әдеті мен өмір сүру салты мен үшін дара жол. Сол жолмен кележатырмын. Анам екеуі 55 жылдан бері тату өмір сүріп келеді. Мен бірнеше отбасын асырауға шамам келеді.
бірақ мен ондай тәрбие алмағанмын. Ол мен үшін "дикость" яғни жат дүние. Табиғатыма келмейді. Ұстанымыма сай емес",-дейді әнші Бүркіт.