Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Лидия Кәденованың келіні алғаш рет ажырасу себебін айтты

Лидия Кәденованың келіні алғаш рет ажырасу себебін айтты
ашық дереккөз
Дидар Кәден мен Айым Алтынбекованың бір баласы бар. Олардың ажырасып кеткеніне бір жылдан асып кетті.
Айым Алтынбекова ана атанғаннан кейін көп ұзамай күйеуі Дидар Кәденмен ажырасу туралы шешім қабылдаған. Ажырасқаннан кейін ұзақ уақыт психологтың көмегіне жүгініп, өзін іздегенін де жасырмайды, деп жазды KYN.KZ - Ажырасуға шешім қабылдар кезде туыстарыңыз тарапынан айтылатын сын, көрсетілетін қысымнан қорыққан жоқсыз ба? Айым: - Жоқ, ешқандай да қорқыныш болған жоқ. Мен жас болдым, өзіме сенімді едім. олардың кеңесіне қарағанда жүрегімдегі өзімнің ойымды тыңдадым. Жастығымды қор қылмай, оны лайықты деңгейде сүруім керек деп түсіндім. Ешкім де менің басымдағы жағдайды дәл мендей түсіне алмасын білдім. Кім маған қызым көрсетуге тырысқан болса, бірден "орнына қойып" отырдым. Өзімді біреудің ренжітуіне жол бермейтін адаммын. - Қалайша қайтадан басқа ер адамға деген сеніміңіз тез оянды? Ер азаматтардан түңіліп кетпеу үшін не істедіңіз? Айым: - Ол сіздің не себепті ажырасуыңызға да байланысты. Мысалы мен ажырасқаннан кейін екі ай бойы психологтың көмегіне жүгіндім. Тек үшінші айда барып, өз кәсібімді ашуға бел будым. Үйде отырған сайын ашуға беріліп, өзімді жүнжітіп тастайтынымды түсіндім. -Сіздің енеңіз бен ата-анаңыз ажырасуларыңызға қарсы болмады ма? Айым: - Әрине, барлық ата-ана сияқты олар қарсы болды. Мен өз дегенімнен қайтпайтын адаммын. Тек жүрегімді тыңдап тұрып алдым. Менің өз басым мен миым бар. мен қалай өмір сүргім келсе, солай өмір сүруге құқылымын. Ажырасу оңай шаруа емес. Ажырасқаннан кейін жаңа өмір бастаудың өзі ауыр. Адасып жүруден қиыны жоқ. Ерлі-зайыптылар арасында көпшілікке айтуға болмайтын, кешіруге келмейтін дүниелер болады. Соны түсінесіздер деген ойдамын. Бүгінде Айым Алтынбекова бір ұлын жалғыз тәрбиелеп жатыр. Ол ажырасқаннан кейін өз кәсібін ашып, бүгінде Қазақстан шоу-бизнесінде сұраныстағы бет әрлеушілердің бірі. Бірнеше мәрте кинода екінші  пландағы рөлдерді сомдап, әншілігімен де халықтың көзіне түсіп жүрген жайы бар.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар