Басты жаңалықтар
Павлодар әкімдігі қызметкеріне 50 млн теңгеге сатып алған үйді растап, түсініктеме берді
- автор kyn.kz
- 5 желтоқсан, 2018
- 212
Тұрғындар: Мемлекеттен бөлінетін қаржының бірінші қайда, қандай мәселелерді шешуге жұмсалатыны анықталды.
Павлодар халқы қала билігінің ысырапшылығына наразы. Әкімдік екі бөлмелі пәтерді 49.9 млн теңгеге сатып алған. Мұны естіген қоғам белсенділері бірден шу шығарып, әлеуметтік желілер арқылы ақпаратты тарата бастады.
Осы ретте KYN.KZ сайты Павлодар әкімдігінен бұл ақпараттың мән жайын анықтап көрген еді.
Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі сайттағы хабарландыруды журналистер хабарландырудан көріп қалды, деп жазды
Павлодар әкімінің орынбасары Аян Бейсекин бұл ақпараттың рас екенін айтты.
"Мемлекеттік қызметкерлердің барлығы да жұмыстан пәтер алуға құқылы. Биыл осындай қызметкерлерімізге 7 баспана алдық. Ол үйлердің ақшасы 2018-2020 жылдарға бюджетті жоспарлау кезінде бөлініп қойған.
49.9 млн теңгеге аумағы 92 шаршы метр болатын екі бөлмелі пәтер алғанымыз рас. Қымбат болу себебі, үй осы жылы пайдалануға берілген, жаңа, сапасы да айтарлықтай жақсы. Бірақ әлі оны ешқандай да қызметкерімізге берген жоқпыз.
Үй ешкімнің меншігіне жазылмайды. Кім әкімдікте жұмыс істейді сол уақытта коммуналдық шығынын төлеп, уақытша тұруға алады. бізде қазір тағы 15 қызметкеріміз жұмыстан берілетін баспанаға өтініш жазып қойған",-деп жауап берді Павлодар әкімінің орынбасары Аян Бейсекин.