Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Имам: Суицид жасағандарға ақыл-есі кем адамдардың жаназасы оқылады

Имам: Суицид жасағандарға ақыл-есі кем адамдардың жаназасы оқылады
ашық дереккөз
Имам кей адамдардың өз-өзіне қол жұмсауына не түрткі, себеп болатынын айтып берді
Суицид жасағандарға шариғат бойынша тек ақыл-есі дұрыс емес адамның намазын оқып, оны ақтық сапарға шығарып салады екен. Сондай-ақ, дін өкілдері Алланың берген жанын өз еркімен қию ол кешірілмейтін күнәлердің қатарына жататынын айтады. Ал, статистикалық мәліметке сүйенсек, еліміз өз-өзіне қол жұмсау бойынша әлемде алдыңғы қатарларда екен, деп жазды  Еуразия Бірінші арнасы . «Адамның өмірі қамшының сабындай қысқа» деп бекер айтылмаса керек. Барлығымыз бұл фәниден дәм-тұзымыз таусылған уақытта өтеміз. Бірақ, соңғы уақытта сол өмірін өз еркімен қиятындардың қатары артып барады. Бұл тұрғыдан дін өкілдері суицид жасаған адамның тіпті, жаназасы да оқылмайды дейді. Ал, көпшілік имамдардың барып, оқып жүргені ол мүмін мұсылмандардың жаназасы емес екен. «Қазақстанда өзін-өзі қол жұмсағандарға жаназа намазы оқылады. Неліктен деген сұрақ қойылса, оған экологиялық жағдайда. Өйткені онда бір ауру бар, жын кіреді я ақыл есі дұрыс емес. Сондықтан жын кірген адамның ақыл-есі дұрыс болмай қалады. Біз өз-өзіне қол жұмсаған, сондай жағдайға барған адамдарға ақыл-есі дұрыс емес адамның дұғасын, жаназасын оқимыз», – дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі, имам Бекзат Ақжігітіов. Яғни, жынды адамның дұғасы. Қарапайым діннен аса қатты хабары жоқ адамдар жаназа шығарылады екен ғой деп топшылауы мүмкін. Бірақ, ол ақтық намазды оқып тұрған имам іштей «ақыл-есі дұрыс емес адамның дұғасын»  оқуға ниет етеді. Демек, дінімізде суицид жасаған адамның үкімі, есі дұрыс адамның үкімімен пара-пар.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар