Басты жаңалықтар
Шымкенттік отбасы бойжеткеннің жоғалып қайта табылғанын естіген сәтте тойды тоқтатты
- автор kyn.kz
- 5 желтоқсан, 2018
- 218
Тойға 15 күн қалған кезде қызды болашақ ата-енесі қабылдамайтынын айтқан.
Отбасылық ұрыс-керіс кезінде үйден кетіп қалған қыз күйеуге шыға алмай қалды.
Түркістан облысында осыдан екі апта бұрын жоғалып кеткен қос құрбы аман-есен үйіне оралса да, біреуінің 15 желтоқсанға жоспарланған үйлену тойы өтпейтін болды.
Себебі, жігіттің ата-анасы қызды үйден қашып, жоғалып кеткені үшін келін қылудан бас тартқан.
Айта кетейік, қос құрбының хабар-ошарсыз кеткенін қыздардың туыстары "Алматы" арнасына хабарлаған. Ағасының айтуынша, олар Жамбыл облысының Отар стансасындағы әскери бөлімде жұмыс істеп жүріпті.
Телеарнадан көрсетілген материалдан кейін жұмыс беруші қос қыздың жақындарына олардың аман әрі жұмыс істеп жүргенін хабарлаған. Қыздардың мұндай қадамға баруына отбасылық ұрыс-керіс себеп болыпты.