Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бақытбек Есентаевтың ісіне қатысты тың мәліметтер шықты

Бақытбек Есентаевтың ісіне қатысты тың мәліметтер шықты
ашық дереккөз
Нағима Есентаева: Ағам Баянды зорламаған

Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима Есентаева ағасына қатысты қылмыстық істің тың деректерін жайып салды. Есентаевтың туыстары оның бұрынғы әйелін зорламағанына сенімді деп хабарлайды caravan.kz.

"Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы № 5210 молекулалы- генетикалық сараптама нәтижесінде жәбірленушіден алынған ұрықтың күдіктінікі емес екені анықталды. Демек, ол Баянды зорламаған", - деді Нағима Есентаева.

Сондай-ақ, Бақытбек Есентаевтың қарындасы жалған куәгерлерді анықтағысы келетінін жасырмады.

"Менің ағама жала жапқан жалған куәгерлерді жазаға тартудың мүмкіндіктерін білгім келеді", - деді Нағима Есентаева.

Айта кетейік, 2016 жылдың 10 шілдесі күні танымал продюсер Баян Алагөзоваға бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев пышақ жарақатын салып, қол жұмсаған еді.

Алғашқыда продюсердің бұрынғы күйеуіне "адам өлтіруге әрекет жасады" деген айып тағылса, кейін зорламақ болғаны үшін де айыпталды.

Арада біраз уақыт өткен соң Баян Алагөзованың заңгері жәбірленушінің ер адамды кешіргенін айтып, қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш оқиғадан кейін Баян Алагөзова Тұрсын Алагөзовке тұрмысқа шығып, тегін өзгертті.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар