Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматының қақ ортасына Сталиннің ескерткіші қойылды

Алматының қақ ортасына Сталиннің ескерткіші қойылды
ашық дереккөз
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ескерткіш түнгі уақытта қойылған.Бір күн бқрын ол жерде түк болмаған.

Алматының қақ ортасында Иосиф Сталиннің ескерткішін суретке түсіріп алды. Ескерткіш Гете көшесінің бойында, "Колоесс" Мәдениет үйінің маңына қойылған деп хабарлайды Tengrinews.kz.

5 желтоқсанда ол көшеде ескерткіш болмапты.

Алматы қалалық Түрксіб аудандық әкімдігінің өкілдері ескерткіштің уақытша орнатылғанын және оның фильм декорациясы екенін хабарлады.

"Эвакуация" фильмін "Қазақфильм" түсіріп жатыр. Режиссер Фархад Шарипов 1941 жылы Алма-Атаға эвакуацияланғандар жайлы фильм таспалауда. Пенопласттан жасалған ескерткіш 7 желтоқсанда сағат 12.00-де алып тасталады", - деді әкімдіктегілер.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар