Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жамбыл облысында кәсіпкер шопандардың балаларына арнап жағдайы жасалған мектеп салып берді

Жамбыл облысында кәсіпкер шопандардың балаларына арнап жағдайы жасалған мектеп салып берді
ашық дереккөз
Ол жағдайы нашар он адамға үй салып, 200 адамды жұмыспен қамтып, олардың балаларына балабақша да салып берді

Жамбыл облысындағы "Шаушен" қожалығының иесі Сайрамбай Дөненбаев жерлестеріне жомарттығымен танылды , деп жазды  Астана арнасы.

Кәсіпкердің мал шаруашылығымен айналысқанына 22 жыл болыпты. 20 жылқы, 20 ірі қара, 500 бас қоймен бастаған кәсіпкердің қазір қой басы 52 мыңға, жылқы саны екі мың 200-ге жетіпті.

Биыл Біріккен Араб әмірлігі мен Иранға сегіз мың бас қой жіберіпті.

Қызметкерлерін ынталандыру мақсатында кәсіпкер шопандарға жыл сайын 500-600 бас қой береді екен.

20 шопанға жекешелендіру құқығымен 10 үй тұрғызып берген кәсіпкер, қызметкерлерінің балаларына арнап мектеп-интернат пен 92 орындық балабақша салғызыпты.

"Қалада жоқ нәрсе ауылда бар бізде. 12 жыл еңбек еткеніміз үшін үй тарту етті. Кейбіреулерге көлік берді. Әркімге еңбегіне қарай береді", - деді шаруа қожалықтың бригадирі Жандос Айтжанов.

Кәсіпкердің ендігі жоспары жылына халық игілігіне 50 млн теңге бөліп, спорт сарайы мен 60 орындық балабақша салу екен.

Д. Әлімқұл

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар