"Несін айтасың? Олар екі жыл бойы мен жайлы жаман қауесеттер таратып, менің өз ойыншыларымның ата-аналарымен арақатынасымды бұзуға барын салып жүр. Олар мені үнемі боғауыз сөздер айтатын бапкер деп негізсіз айыптауда.
Екінші желтоқсан күні біз "СДЮШОР-2" командасымен ойын өткіздік. Кездесу барысында қарсыластардың ата-аналары менің футболышларымның жақындарын балағаттап жатты. Айта кетерлігі, біздің командаға қолдау білдіруге тек аналар мен әжелер келсе, олар тарапынан кілең ер адамдар болды.
Мен өз ойыншыларымның ата-аналарын сабырға шақырып, қарсыластарға мән бермеуін сұрадым. Сол сәтте олар маған жұдырық ала жүгірді.
Мен осымен ауруханада үшінші күн жатырмын. Мен және менің көмекшім азулы ата-аналардың соққысына қалдық. Менің екі қабырғам сынды. Бұл команда ата-аналарының қатысуымен ұқсас оқиға осымен бірнеше мәрте болып отыр. Олар тек бізге ғана емес, сондай-ақ "Қайрат" командасының жақтастарына да күш көрсеткен.
Оны ата-аналардың өздері растап отыр. Олар жағдайдан соң, маған хабарласты. Қажет болса, ойынға мас күйінде