Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде оқушы қыздар төбелесіп бір-бірінің құлағын әйнекпен кесіп алған

Ақтөбеде оқушы қыздар төбелесіп бір-бірінің құлағын әйнекпен кесіп алған
ашық дереккөз
Жоғары сынып оқушысы кішкентай қыздың сырғасын тартып алып, ломбардқа өткізіп жіберген.
Ақтөбе облысында жоғары сыныпта оқитын қыздар төбелесіп қалып, әйнектің сынықтарымен бірінің қасы мен құлағын кескілеп тастаған. Сонымен қатар 5 жастағы қыздың құлағындағы алтын сырғаны тартып алған, артынша оны ломбардқа өткізіпті. Бүгінде 3 қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды КТК арнасы. Алға ауданында оныншы сынып оқушысы қатарластарымен төбелесіп қалып, оларды аяусыз соққыға жығып, әйнектің сынықтарымен қасы мен құлағын кескілеп тастапты. Осының салдарынан зардап шеккен қызкөзіне бірнеше рет ота жасатуға мәжбүр болды.сонымен қатар ол контузия алған екен. Ал қатарластарын ұрып тастаған қыздың ішімдікке салынған анасын полицейлер әрең іздеп тауыпты. «Менің қызымды жатқызып алып ұрған. Онымен қоймай әйнек сынығымен қабағын жарып, құлағына дейін тілгілеген. Соны көріп тұрған жұрт арашаламаған да. Кейбіреуі тіпті суретке түсіріпті. Енді қызымның көзі нашар көреді. Үнемі дәрігерлердің бақылауында болады», – дейді Алға қаласының тұрғыны Ирина Самарская. Қызының таяқ жеп, жәбірленгенін айтқан әйел де әкімшілік жазаға тартылуда. Себебі қызы оқиғадан бұрын құрбысымен бірге 5 жастағы бүлдіршіннің құлағындағы алтын сырғаны тартып алып, оны ломбардқа өткізіпті. «Бұл нағыз гоп-стоп. Қызымның сырғасын шешіп алған. Әйтеуір құлағын жұлып алмағанына шүкір. Сол оқиғадан бері қызым түнде шошынып, бұтына кіші дәретін жіберіп қояды. Бұзықтарды жазалау керек», – дейді Анастасия Заглядова. Десе де осындай әрекеттерімен елді дүрліктірген қыздар сабақтан қалмайтын болып шықты. Олардың оқу үлгерімі де жақсы екен. Алайда ұстаздары оларды емес, ата-аналарын тәрбиеге шақырудан шаршағандарын айтып отыр. Себебі қыздардың бірінің шешесі ішкілікке салынған. Бұл туралы әкімдікке айтылып, ол мәжбүрлі түрде емдетілген екен. Ал тағы бір оқушының әкесі сотты болған, анасы бірге тұрмайтын көрінеді. «Отбасында қиындықтар бар. Бірақ мектеп қабырғасында ол екеуі де ондай тәртіпсіз екенін, сондай төбелеске бейім екенін көрсеткен жоқ, байқатқан жоқ», – дейді қаладағы №4 орта мектеп директоры Әбдімұрат Коргулин. Оқиғадан кейін 3 оқушы қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қыздардың ата-аналары әкімшілік жазаға тартылып жатыр. Бүгінде оларды қыздарының бұзықтығы үшін полиция есепке алған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар