Басты жаңалықтар
3 әйелге қасақана АИТВ (ВИЧ) жұқтырған күдіктінің сөзі соттағыларды таң қалдырды
- автор kyn.kz
- 12 желтоқсан, 2018
- 239
28 жастағы күдіктінің құрбандары да өрімдей қыздар.
Теміртауда 3 әйелге қасақана АИТВ (ВИЧ) жұқтырған ер адамға қатысты сот процесі жабық есік жағдайында басталды. Белгілі болғандай, күдікті бұған дейін үш мәрте сотталған.
Бұл туралы 31 арна жазды.
Күдікті басқа іс бойынша жазасын өтеп жатқан жерінен әйелдерге ауру жұқтырғаны бойынша сот процесіне қамаудан жеткізілді. 28 жастағы күдікті үш әйелге әдейі ауру жұқтырған. Үш әйелдің ең үлкені 23-те.
Күдікті құрбандарымен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Ол осы ісі үшін сегіз жылға қамалуы мүмкін. Бірақ ол сотта өз кінәсін толық мойындап, жазасын жеңілдетуді сұрады.
Сот отырысына қатысқан тараптар күдіктінің кінәсін бірден әрі толық мойындағанына, соттан жазасын жеңілді сұрағанына таң қалды. Әрі оның қылмысты саналы түрде жасағаны айтылды.
«Оның АИТВ жұқтырғаны 2017 жылы бас бостандығынан айыру орнында анықталды. Және 2017 жылы оған қылмыстық жауапкершілік туралы хат түрінде түсіндірілді. Яғни ол жыныстық жақындасу алдында серігіне дерті туралы ескертуге міндетті. Алайда ол ескертпей ғана қоймай, қатынас кезінде сақтану құралдарын қолданбаған», – дейді Теміртау қалалық сотының судьясы Ерубай Дүсәлиев.