Басты жаңалықтар
Дастан Оразбеков: Ең үлкен өкінішім, қолымнан келе тұра әкемнің соңғы өтінішін орындамадым
- автор kyn.kz
- 15 желтоқсан, 2018
- 896
Әнші отбасындағы кикілжіңді Астанаға көшу арқылы шешкенін растап, әйеліне қайта ғашық болып қалғанын айтты.
Танымал әнші Дастан Оразбеков алғаш рет отбасы, ата-анасы мен әйелі туралы "Шыны керек" бағдарламасында сұхбат беріп, отбасында болған қиындықтар туралы ашық айтты.
Дастан Оразбеков бір жыл бұрын Алматыдан Астанаға көшіп кеткен. Ол туыстарымен тұрған он жылдан кейін еншісін алып, бөлек тұрудың өз қызықтары мен жақсы тұстарын да айта өтті.
"Мені "Алматыдағы фанаттары, қыздар отбасына тыныштық бермей Астанаға көшіп кетті" дейтіндер бар. Ол да бар. Мен телефонымды жиі ауыстыратын адаммын. Себебі, сырттан түрлі қоңыраулар жиі түседі. Он жыл туыстарыммен тұрдым. Қазір де бұрында да отбасыма көңіл бөлуді ешқашан ұмытқан емеспін. міндетті түрде аптасына бір күнді отбасыма әйелім, балама арнаймын.
Себебі, мен ондайды үйдегі тәрбиемде ата-анамнан көргенмін. Біз тұрған ауылдың маңында өзен болатын. Сол жаққа күн батқанда інім, мен, қарындасым, анам, әкем бесеуіміз барып ешкім жоқта шомылатынбыз. Сол әлі күнге менің жадымда. Сондықтан мен де өз балаларымның есінде қалатын отбасылық демалыс күндерін жасап тұрғанды жақсы көремін",-дейді әнші.
Дастан өзінен сұхбат алып отырған журналистке өмірдегі ең зор өкініші жайлы айтты.
"Мен 27 жасымда әкемнен айырылдым. Қайтыс болатын кезде үйден ол кісіні соңғы рет мен алып кеткен едім. Дәрігерлер ауруханадан босататынын айтты. Соңғы рет әкемді тамақтандырғаным есімде. Сол кезде меннен темекі сұрады.
Мен " жоқ" дедім. Ол кезде менде темекі болды қалтамда. Өзім де сол кезде шылым тартатынмын. Дәрігерлер әкемде өкпе ауруының ушыққан жаман түрі екенін айтқан болатын. Бірақ сол темекісіз де қайтыс болып кетті әкем.
Сонда ойлайтыным, ақыры кететін адам екен, темекісін бересалуым керек еді. Сол диалог әлі көз алдымда. Өкінішім сол кезде әкемнің соңғы тілегін орындай салуым керек еді",-дейді әнші Дастан Оразбеков көзіне жас ала отырып.
Келесі мақала