Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда шенеуніктер мерекелік кештің орнына 60 жетімге 100 000 теңгеден сыйлады

Атырауда шенеуніктер мерекелік кештің орнына 60 жетімге 100 000 теңгеден сыйлады
ашық дереккөз
Әкім балаларға қаржыны білім алуға жұмсауға кеңес берді.
Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі әріптестеріне Жаңа жылдық кешті тойлаудың орнына жетім балаларға ақшалай сыйлық жасауды ұсынған.  Балалар ақшаны кәмелет жасқа жеткенде өз шоттарынан шешіп алады екен.

Бұл туралы қала тұрғыны Олжас Сұлтанов Facebook парақшасында жариялаған.

"Біз басқа елдегі президенттер мен шенеуніктердің қайырымдылық акцияларын көріп қуанып жатамыз. Мысалы, бір апта бұрын Обама қатерлі дертке шалдыққан балаларға сыйлық беріп желі оқырмандарын қуантқан болатын. Бұл – керемет іс. Бірақ бүгін Жылыой ауданының әкімінің жақсылығына бұдан да қатты қуандым", - деді Сұлтанов.

Оның жазуынша, балалар қаражатты білім алуға жұмсай алады .

Сондай-ақ әкімшілік дәстүрлі түрде жыл сайын жетімдердің шотына ақша салып тұруды ұсынды. Балалар жиналған қаражатты 18 жасқа толғана шешіп алатын болады.

Жылыой ауданының әкімінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты растап отыр. Олардың айтуынша, қайырымдылыққа жұмсалған ақша – бюжеттікі емес.Мемлекеттік қызметкерлер жаңа жылдық кешке жинаған қаражатты жетімдерге беруге бірауыздан келіскен.

Жиналған ақшаны "Білім" депозитіне салып, жетімдерге ұсынған.

Әкім баларға болашақта жоғарғы оқу орнына түсуге кеңес берді.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар