Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Президент Денистің өліміне қатысты: сотқа да, полицияға да наразылығым бар

Президент Денистің өліміне қатысты: сотқа да, полицияға да наразылығым бар
ашық дереккөз
Назарбаев: Полициямен күрделі жұмыс жүргізу керек
 Президент журналистермен кездесу кезінде мәнерлеп сырғанау өнерінің шебері Денис Теннің өліміне қатысты пікір білдірді.
Елбасының істі қарап жатқан сот жүйесі мен полицияға көңілі толмайды екен. Тіпті осы сала мамандарымен алдағы уақытта нәтиже беретін үлкен тексеру әрі тәртіпке салу жұмыстарын жүргізу керектігін де айтып өтті, деп жазды KYN.KZ.
"Бұл резонансты жағдай. Қазір қылмыс жасағандарға қатысты сот жүріп жатыр. Полицияға да, сот органдарына да наразылығым бар. Мен бұған назар аударып, жақында осы мәселені жан-жақты қарастырдық. Полициямен күрделі жұмыс жүргізу керек", - деді Назарбаев.

Президент ең алдымен полицейдің жаңа образын жасау керек екенін айтты. Елімізде полиция саласындағы "шенеуніктер" мен басшылар саны қысқартылып, қалған қызметкерлердің жалақысы өcетінін еске салды.

12 оқу орнынан тек бесеуі ғана қалады. Онда бес-алты айда бәрін үйретіп шығатын жылдамдатып оқыту жүйесі енгізіледі. Полицейді оқытып, лауазымын беріп, жұмыс істеуге жіберетін болады.

Елбасы Қазақстандық сот жүйесіне де өзгерістер енгізілу керегін мәлімдеді.

Айта кететін жайт, бүгінгі сұқбат барысында Қазақстан президенті тілшілердің әртүрлі сұрақтарына жауап берді.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар