Шоу-бизнес жұлдызы келін болуға дайын екенін жеткізді. Мақпал Исабекова қолынан келетін жұмыстардың барлығын тікелей эфир кезінде тізіп берген.
"Менің негізі қолымнан келмейтін нәрсе жоқ қой. Мен бәрін істей аламын. Монша да, от та жаға аламын. Есік алдын сыпыру деген ең оңай мен үшін. Кез келген тамақ түрін жасай аламын. Мен шайды қалай құятынымды білсеңіздер ғой" , - деп мақтанды әнші.
Оған қоса, әнші болашақта отбасылық өмірін қалай елестететіні туралы да сыр шертті. Ол бес жылда бес баланы дүниеге әкелуге ниетті екенін айтты.