Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қайтыс болған актриса отырған көлікті соғып, қашып кеткен жігіт ұсталды

Қайтыс болған актриса отырған көлікті соғып, қашып кеткен жігіт ұсталды
ашық дереккөз
Оқиғаның қалай болғаны туралы жаңа деректер шықты.
Алматы полициясы 29 желтоқсанда адам өліміне алып келген жол апатын жасады деп күдіктеліп отырған жүргізушіні ұстады. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан сайты жазды. Бұған дейін хабарланғандай, жол-көлік оқиғасының салдарынан танымал актриса Шолпан Елгезекова көз жұмды. Сондай-ақ, актриса Айзада Сатыбалдиева аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. «Күдікті ұсталды. ҚР ҚК 345 (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-баптарына (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – дейді қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар