Басты жаңалықтар
Қазақстандықтардың 2019 жылы құжаттарды рәсімдеу құны анықталды
- автор kyn.kz
- 7 қаңтар, 2019
- 288
Жеке куәлік пен жүргізуші куәлігінің бағасы былтырғымен салыстырғанда қымбаттай түскен.
2019 жылы Қазақстанда төлемдерді есептеу үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2 525 теңгеге дейін ( 6,71 доллар) өсті, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасай отырып.
Жаңа жылдан бастап АЕК мөлшерінің өсуіне байланысты құжат жасату құны да біршама өзгерді. Биыл айлық есептік көрсеткіш өткен жылға қарағанда 120 теңгеге көбейіп, 2 525 теңгеге тең болды.
Жеке куәлік пен төлқұжат құны қанша болады?
Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж сомасы 0,2 АЕК-ті құрайды. Бұл 505 теңге немесе 1,34 доллар.
Төлқұжат рәсімдеу үшін 8 АЕК, яғни 20 200 теңге (53,72 доллар) мөлшерінде мемлекеттік баж төлегеніңіз туралы түбіртек қажет. Астана, Алматы, Ақтөбе мен Шымкент тұрғындары қосымша ақы төлеп, төлқұжатты жеделдетілтен тәртіпте ала алады.
Ал жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу туралы куәліктің (техпаспорт) әрқайсысы 3157 теңге (8,40 доллар) тұрады.
Туу туралы куәлік пен неке қию туралы куәлікті қайта алу үшін 2 525 теңгеден (6,71 доллар) төлеу керек.