Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мақпал Жүнісова әріптестерінің арасында сұғанақ барын айытып ашынды

Мақпал Жүнісова әріптестерінің арасында сұғанақ барын айытып ашынды
ашық дереккөз
Әнші Астанадағы концерт кезінде қымбат алқасы мен сырғасын ұрлатып алды
Әнші бағалы бұйымынан айырылып қалғанына іші ашығанын жасырмады. Десе де күдіктінің кім екенін болжап отыр. Оны көпшіліктің алдында жайып салуға ұялатынын айтқан, деп жазды KYN.KZ сайты. "Барлық жамандық осы сырға мен сақинаны ұрлаған адаммен бірге кетсін, Астанада өткен "Ән менен Әнші" концертінен кейін көзден ғайып болды. Жалпы ұрлық түбі қорлық екенін ұмытпаған абзал. Әнші қыздардың бірі немесе сол қыздардың жанында жүрген бояндырып, киіндіріп жүргендерден деп жорамалдадым. Өйткені киінетін жерге бәрі кіріп алып еді, одан кейін Қарақаттың үйіне дәмге шақырды, ол жерде мен кішірек сырғамен болдым, өте ыңғайсыз екен. Бұдан кедей болып қалмаспын, дегенмен өте сақ болатын болдық",-  дейді әнші өз сөзінде.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар