Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жанар Айжанова ауылда жатып алып өзінен дәріге ақша сұраған әйелді ұялтып тастады

Жанар Айжанова ауылда жатып алып өзінен дәріге ақша сұраған әйелді ұялтып тастады
ашық дереккөз
Әнші: Сол жараға 2000 теңгеге дәрі алуға болады. "Мысық бір жерін көріп жара депті" демекші ұялмайсыз ба?
Танымал әнші Жанар Айжанованы бай деп ойлайтын желі қолданушылары қарызға ақша сұрап, киімдері мен әшекей заттарын тегін беруін өтініп, отбасындағы проблемаларды шешуге қаржылай көмектесуін тіпті талап ететіндер көп екен. Осындай сұраншақтардан шаршаған әнші қарапайым халықты қайыршы болуға қызықпауға шақырды. Оданда еңбек етіп, өз арбаларыңызды өздеріңіз сүйреуге тырысыңыздар деген кеңес берді. Жанар Айжанова адамның намысы болса ешқашан да жерде қалмайтынын, кез келген адамның өмірінде кедергілер болатынын түсіндіріп айтуға тырысты, деп жазды KYN.KZ сайты.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

МЕН БІР НӘРСЕНІ ТҮСІНБЕЙМІН, ӘРТІСТЕР АҚШАНЫ КҮПЕКПЕН ЖИНАП ЖАТЫР ДЕП КІМ АЙТТЫ? МЫНА ЖАРАҒА ЖАҒАТЫН ДӘРІ КӨП БОЛСА 1500-2000 ТҰРАТЫН ШЫҒАР. ЕГЕР ҚОЛЫҢДА ТЕЛЕФОНЫҢ БОЛСА, ИНСТОГРАМДА ТІМІСКІЛЕП ОТЫРАТЫН БОЛСАҢ, ДЕМЕК КІМ БОЛСАҢ ДА ҚАЙЫРШЫ ЕМЕССІҢ. АДАМДАР ҚАНДАЙ АРСЫЗ БОЛЫП БАРА ЖАТЫРСЫҢДАР. КҮНДЕ ОСЫ, ВАТСАПТА, ДАЙРЕКТКЕ, СООБЩЕНИЕМЕН АҚША СҰРАП ЖАТАДЫ. АЙТАТЫНДАРЫ СОЛ, КРЕДИТІМДІ ЖАУЫП БЕР, БІР КӨЙЛЕГІҢДІ БЕР, СЫРҒАҢДЫ БЕР, БАЙЫМ ТАСТАП КЕТТІ МЕНІ АСЫРА ДЕГЕН ӘҢГІМЕЛЕР. НЕ ҮШІҢ МЕН АҚША БЕРУІМ КЕРЕК. САДАҚАНЫ КІМГЕ, ҚАЛАЙ БЕРІП ЖАТҚАНЫМДЫ ҚАЙДАН БІЛЕСІЗДЕР. ҰЯТ ЕМЕС ПЕ, ҚОЛДАРЫҢДА ТЕЛЕФОНДАРЫҢ, АРЖАҒЫНДА ОТЫРЫП АЛЫП ҚАЙЫР СҰРАП. НАМЫС ҚАЙДА, ӘШЕЙІНДЕ ӘРТІСТЕРДІ ЖЕРДЕН АЛЫП, ЖЕРГЕ САЛЫП, МІН АЙТҚАНДА КЕРЕМЕТСІЗДЕР. МЫНА КІСІНІКІ ТІПТЕН СОРАҚЫ, КҮН ЖАУМАЙ СУ БОЛЫП. ТЫШҚАН БІР ЖЕРІН КӨРІП ЖАРАЛЫ БОЛЫПТЫ ДЕМЕКШІ. ( Бұл тек тіленшектерге айтып жатқан сөзім) ҚАЙЫР СҰРАУ ЖАҚСЫ ӘДЕТ ЕМЕС АҒАЙЫН. КӨБЕЙІП КЕТКЕНІ СОНШАЛЫҚ, ТІПТЕН СЕНУДЕН ҚАЛДЫҚ.

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар