Басты жаңалықтар
Жандарбек Бұлғақов қарапайым қазақтардың негізгі қателігін айтып, көпшілікті ұялтып қойды
- автор kyn.kz
- 7 қаңтар, 2019
- 270
Ақын: Балаңыз ҰБТ-дан жоғары бал алса "медреседе оқы" деп айта аласыз ба?
Ақын Жандарбек Бұлғақов имам болудың жауапкершілігі өте жоғары, маңызы зор мамандық екенін айта отырып, осы бір іспен айналысуға көпшіліктің қызығушылығы жоғын ашып айтты. Себебі, көпшілік дүнияуи құндылықтарды мәңгілікпен шатастырады дейді ақын. Қарапайым мысалмен ойын өрген Бұлғақов көпшілікті ойландырып тастады, деп жазды KYN.KZ сайты.
"Имам болсам жараса ма екен?Бірақ жауапкершілігі өте ауыр қызмет қой.Бір нəрсені адал немесе арам деп айтқаның пайғамбардың атынан қол қоюмен тең екен. Қазір екі жүз адамға той жасасақ қанша шығын кететінін жақсы білеміз.
Қай жерде қанша ақшаға демалуға болатынынан да хабардармыз. Əйтеуір дүниеге қатысты есеп-қисаптан жаңылмаймыз.Неге?
Өйткені өмірдің бəрі той-томалақпен өтетіндей көреміз. Ал діни рəсімдер қалай өту керек, оның шарты қандай, оны кім істеу керек деген сұрақтарға жауап бере алмаймыз.
Немесе ондай жұмыстарды басқа біреу істеу керек сияқты сезінеміз. Мысалы,неге сіздің өмірден озған жақыныңызға сіздің əулетке он қайнаса сорпасы қосылмайтын адам құран-дұға бағыштауы қажет? Ол марқұмның соңында қалған сіздің тікелей міндетіңіз ғой. Ал оны істеген молдаларға(жалақы алмайтын) берген азын аулақ тыйын-тебенімізді қырық жыл əңгіме қылып айтамыз.
Негізі бір əулет ағайын-туыспен ақылдаса отырып қабілеті жақсы бір баласын медреседе оқытса қандай жақсы. Келешекте сол əулеттің рухани азығын беріп отыратын, имани иммуниетін көтеріп отыратын адам дайын болатын еді.
Біз бірақ баламыздың прокурор, мұнайшы, əртіс т.б болғанын қалаймыз да имам болуды авторитетный жұмыс қатарына қоспаймыз. Егер сіздің балаңыз мектепті қызыл дипломға бітіріп, ҰБТ-дан жоғары бал жинап имам болғысы келетінін айтса, сіз рұқсат бересіз бе?",- деген сұрақ қойды қалың оқырманына.
Көпшілік осы бір қарапайым дүние жайлы еш ойламағандарын, әрі заман талабына сай қандай да бір шешім қабылдауға батылдары жетебермейтінін мойындаған. Себебі, ретінде осы өмірдегі қажеттіліктердің бағасына басқаша есеп керетігі айтылған.