Басты жаңалықтар
Атырауда науқастың иегінде инесін ұмытқан дәрігердің қателігі әшкереленді
- автор kyn.kz
- 8 қаңтар, 2019
- 272
Тісін емдетемін деп дертін асқындырып алған тұрғын сотта дәрігерге кешірім берді.
Атырау облысына қарасты Құлсары қаласының тұрғыны 52 мың теңгеге төрт тісін жасатамын деп, басы бәлеге қалды, деп жазды KYN.KZ сайты Ақ Жайық басылымына сілтеме жасай отырып.
Бір жыл бұрын тұрғын алдыңғы төрт тісін керамикамен қаптатқан. бірнеше күн тісі ауырғаннан кейін ол басқа дәрігерге бір тексерілуге шешім қабылдайды.
Басқа дәрігер бірінші дәрігердің науқастың иегінде ұмытып кеткен медициналық инені алып шығады.
Осыдан кейін тұрғын алғашқы өзін емдеген дәрігерді сотқа береді.
Істі сотта қарау кезінде тараптар өз ара келісімге келіп, дәрігер емделушіге 500 мың теңге беретін болып шешілген.