Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарағандыдағы қанды оқиғада күдікке ілініп, елден қашып кеткен азамат үндеу жасады (видео)

Қарағандыдағы қанды оқиғада күдікке ілініп, елден қашып кеткен азамат үндеу жасады (видео)
ашық дереккөз
Нарек Грурян: Қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасамын.
Қарағандыдағы қанды оқиғада күдікке ілінген Нарек Грурян Қазақстан халқына әлеуметтік желі арқылы үйндеу жолдады, деп жазды KYN.KZ. Ол сол күні аталған мейрамханадағы төбелестің ортасында болғанын мойындаған. Бірақ ешкімді де өлтіргенім жоқ деп отыр. Әрі оқиғаға куәгер әрі қатысушы ретінде Қазақстан соты істі объективті қараса екен деген тілегін айтқан. Бірақ күдікті қазір қай жерде жүргені, қай мемлекетте екені туралы ақпарат бермеген.
Есте болса, 1 қаңтарға қараған түні Қарағандыдағы мейрамханалардың бірінде төбелес шығып, салдарынан жас жігіттің мерт болғанын еді. Мұны естіген қазақстандықтар ызаға булықты. Ақпараттың жоқ болғанынан адамдар төбелеске не себеп болғанын жорып, ұлт аралық қақтығыстар тудыратын жалған ақпараттарды тарата бастаған. “ҚР ҚК-нің 128 бабы бойынша жеті күдікті ұсталды. Бесеуі қамауға алынды”, — деп хабарлайды Қарағанды облысындағы прокуратураның баспасөз қызметі. Күдіктілердің біреуі халықаралық іздеуге салынды. “БАҚ мониторингі оқиғаның шынайы бейнесі бірбеткей тұлғалардың кесірінен бұрмаланып кеткенін көрсетті. Прокуратура осындай қадамдардың салдары қандай болатынын ескерткен еді. “Вконтакте” әлеуметтік желісінде өзге ұлттарға қысым көрсетуге шақырған жазба табылды. Бұл факт бойынша Қарағанды облысының полиция департаменті ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 174 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуді бастады”, — деп хабарлады облыс прокуратурасы.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар