Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ІІМ Қарағандыдағы қанды оқиға бойынша күдіктінің бейнеүндеуіне түсінік берді

ІІМ Қарағандыдағы қанды оқиға бойынша күдіктінің бейнеүндеуіне түсінік берді
ашық дереккөз
Шетелге қашып кеткен күдікті ешқандай да адам өлтірмегенін айтып ақталды.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағандыда жас жігіттің өлімімен аяқталған төбелеске қатысы бар күдікті Гурунянге іздеу жарияланған. 7 қаңтар күні желіде 21 жастағы күдіктінің бейнеүндеуі жарияланды. Онда Гурурян Қазақстан билігіне берілуге дайын екенін мәлімдеген. Алайда ол адам өліміне қатысы барын жоққа шығарып отыр. "Қазіргі уақытта Қарағандыда бұзақылық әрекеттері үшін және 23 жастағы жігіттің өліміне күдікті ретінде 8 адам ұсталып, қамалды. Күдіктілердің бірі  Гурурянға іздеу жарияланды", - деп мәлімдеді ІІМ. Желіде Гурурянның үндеуі тарағаннан кейін полицияның арнайы тобы күдікті жасырынуы мүмкін жерлерге аттанды. Күдіктінің туған-туыстарына екі күн бұрын полиция қызметкерлерінің байланыс телефондары берілді, алайда әзірге олармен ешкім байланысқа шықпады. "Қазақстанның ішкі істер министрлігі істі жан-жақты, объективті тергеуге кепілдік береді және Гурурянға істі ауырлатпау үшін полицияға өз еркімен берілуі қажеттігін ескертеді", - деді баспасөз қызметінен.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар