Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

16 жасында тұрмысқа шыққан қыз ата-анасының өзіне берген кеңесін айтып жұртты таң қалдырды

16 жасында тұрмысқа шыққан қыз ата-анасының өзіне берген кеңесін айтып жұртты таң қалдырды
ашық дереккөз
Балнұрдың күйеуі өзінен 12 жас үлкен. Қазір екеуі бір баланың ата- анасы.
Балнұр есімді Алматы облысының тұрғыны он бес жасынан бастап өзінен үлкен жігітпен телефон арқылы сөйлесіп жүрген. Бір жылдай бірін-бірі жақсы біліп алған ғашықтар қыз он алты жасқа енді толған кезде үйленуге шешім қабылдапты. Бұл туралы Kyn.kz  сайты КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Отағасы Болатбектің сөзінше  сол жылы анасынан араға бірнеше ай салып әжесінен айырылып қалған. Әкесі мен екі інісіне қамқор болып қалған жігіт кәмелет жасына толмаған ғашығына үйленуге шешім қабылдаған. "Мен басында үй шаруасында көптеген жұмыстарды дұрыс білмедім. Келіншек болуға айтарлықтай дайын емес едім. Менің анам да он жеті жасында тұрмысқа шыққан екен. Сүйгенімнің ұсынысы жайлы анам мен әкеме айттым. Ол кісілер бірден разылығын беріп, тұрмысқа шығуыма рұқсат ететіндерін айтты. Үйде екі қайын інім, бір қайын атам бар. Барлығына тамақ пісіріп, қарапайым келіншектің өмірін кештім. Ешқашан "түнгі клубқа барамын, былай жүруім керек, мен жаспын" деп бұлқынып, мінез көрсеткен емеспін. Мақсатым: көп балалы ана атанып, сол балалардың бақытын жолдасыммен бірге көру",- дейді  18 жасқа жаңа толған келіншек.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Бүгін бағдарламамызда кейіпкер болатын басқа жұп Болатбек және Балнұр. Болатбек 28 жасында 15 жасқа келген Балнұрға үйленген екен. Бүгінде жас отбасы сәби сүйіп үлгерді. ⠀ Маxаббат жасқа қарамайды. Соның дәлелі біздің кейіпкерлер! ⠀ Жіберіп алмаңыздар. Сейсенбі, 8-нші қаңтар, КТК арнасында сағат 20.00-де "Астарлы ақиқатта". ⠀ #тв #алматы #астана #ктк #астарлыақиқат #ktk #astarlyaqiqat

Публикация от “Astarly aqiqat” show (@astarly_aqiqat)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар