Басты жаңалықтар
Абдулла: Елуге жақындаған әйелге оны екі баласымен бірге бақытты ету үшін үйлендім
- автор kyn.kz
- 8 қаңтар, 2019
- 236
Қазақ жігіттері өзінен 17 жас үлкен әйелге үйленген жас жігітті "басын асырау үшін үйіне кіріп алды" деп айыптады
27 жастағы Абдулла мен 44 жастағы Қанатгүл есімді келіншектің некесін сынап, махаббаттарына күмән келтіріп, отағасының намысына тиетін азаматтар жаңадан шаңырақ көтерген жұбайлардың ел алдына шығып, жағдайларын айтуға мәжбүрледі.
Бұл туралы Kyn.kz сайты КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Студияға қонақ ретінде келген ер азаматтардың дені Абдулла есімді жігіттің Қанатгүлге расымен ғашық екеніне сенбейді. Олар тіпті екі жастың ортасына іріткі салып, сегіз жастағы екі баланың анасынан олардың әкесі жайлы айтуын талап етті.
"Мен балалар өскенде қай елдің азаматы, кімнің баласы екенін түсіндіріп айтатын боламын. Абдулла қазір балаларымның мектептегі жиналысына да әкесі ретінде қатысып жүр. Бізде балалар үшін ешқандай түсініспеушілік болған емес.
Ал балаларымның биологиялық әкесіне келетін болсам ол маған "Сен сияқты қызға үйлене алмаймын. Баланы алдырып таста" деп кетіп қалған.
Ол тіпті менің егіз балаға жүкті екенімді де білген емес. Міне осыдан кейін мен үшін ол адам тірілер қатарында жоқ. Мен Абдулла үшін барлық қиындыққа дайынмын. Біздер расымен бір- бірімізге ғашықпыз.
Құдай тағы перзент беріп жатса біргелікте өсіріп жеткізуге әзірміз. Мен отыздан асқан шағымда некесіз егіз баланы туғаныма ешқашан өкінген емеспін. Себебі, ата- анамның өзі мынандай заманда жалғыз қалып кетпеуіме, тым құрыса өзім үшін бала тауып алуыма талай мәрте кеңес берген", - дейді Қанатгүл.
Ал Абдулла болса Қанатгүлмен көңіл қосып жүрген кездің өзінде бірінші балаларымен тіл табысуға тырысқанын жасырмай айтты.
"Махаббат жасқа қарамайды деген рас. Мен Қанатгүлге қатты ғашықпын. Жұртқа мұны соншалықты қызық болады деп ойламаппын. "Баланы таптырған емес, оны баққан адам нағыз әкесі бола алады" деген бар.
Мен ол балаларды ешқашан шеттетпеймін. Олардың ересектердің арасындағы мәселеге еш қатысы жоқ. Өз туғанымдай жақсы көремін. Қанатгүлдің үйіне кіріп алатындай ол бай әйел емес.
Мен өз жұмысы бар, он екі мүшесі түгел, еңбекке жарамды адаммын. Сондықтан өз сезімім үшін ешкімнен ұялмаймын, қысылмаймын",- дейді Абдулла.
Осы сөзден кейін бағдарлама сарапшыларының бірі Абдулла сияқты жігіттерді мүлде түсінбейтінін айтып студиядан шығып кетті. Ал қалғандары жігіттің Қанатгүлге ғашық екеніне мүлде сенбейтіндерін, Абдулланың өзіне сенімсіз азамат екенін айтып жатты.
Ал бағдарламаға қатысқан психолог Анна кудиярова мен тағы бірнеше келіншек ерлі- зайыптыларға бақыт тілеп, олардың жабайылыққа салынбай байсалды шешім қабылдағандарына қуанатындарын жасырмай айтты.
"Меніңше мына ұрысқақ, бақырауық ер азаматтардың жеке өмірінде белден төменгі ләззат жоқ. Неге сіздер жасы үлкен әйелдің жас жігітпен бақытты болуға құқығы жоқ деп ойлайсыздар? олар бірін- бірі өте жақсы түсінетіні көрініп тұр. Араларына іріткі салмай тыныш отырғандарыңыз жөн",- деді психолог Анна Мергенбайқызы бағдарламаға сарапшы болып отырған жыршы мен ақын жігітке.