Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматылық полицей 6 адамды өлімнен құтқарып қалды

Алматылық полицей 6 адамды өлімнен құтқарып қалды
ашық дереккөз
Сержант шатыры өртеніп жатқан үйде шырт ұйқыда жатқан екі отбасының мүшелерін түгел құтқарды.
Кезекшілік кезінде полиция сержанты Әлімқыдыр Әділет өртеніп жатқан үйден ұйықтап жатқан екі отбасының мүшелерін түгел құтқарып қалды, деп жазды KYN.KZ сайты. “Полицей рация арқылы серіктесіне хабарлап, өзі өртеніп жатқан үйге жүгіріп  жетеді. Көршілерінен үй ішінде адам барын естиді. Бұл кезде өрт сөндірушілер әлі жолда келе жатқан. Полиция сержанты көп ойланбастан үй ішіне кіріп, ессіз жатқан ер адамды көреді. Оны көшеге алып шығады. Ер адам мас күйінде жатқаны анықталды.  Полицей осыдан соң үйден екі немересі мен әжейді  алып шықты. Үй екіге бөлінген. Екінші бетте де адамдар болды. Үйдің келесі бетіне өтіп, есікті қағады. Үй ішіндегі адамдар шатырдың жанып жатқанын бұл уақытта білмеген екен. Полицей адамдарды сыртқа шығарып үлгерді. Серіктесі Мұсахан Ардақ пен сержант Тастан Асқар аймақты күзетіп, адамдарды бақылап тұрды. Бұл туралы Алматы қаласы Метрополитендегі полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Тимур Өсекбаев мәлімдеді. Осылайша полиция сержанты Әлімқыдыр Әділет азаматтарды қорғау жөніндегі қызметін қалқысыз атқарып, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бақылап, дер кезінде шешім қабылдай алды. Жалғыз болғанына қарамастан ерлік көрсетіп, адамдарға төнген қауіптен құтқарды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар