Мәселен алғашқы үш балаға берілетін біржолғы жөргекпұл 2017 жылмен салыстырғанда 5168 теңгеге өссе, төртінші баладан бастап тоғыз мың теңгеге артық төленбек.
Бір жолғы жәрдемақы: алғашқы үш балаға: 91 390 теңге. Төртінші баладан әрі қарайғыларға: 151 515 теңге.Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен қамқоршылар саны 2018 жылдың қорытындысы бойынша 80 мыңнан асып отыр. Оларға берілетін жәрдемақы көлемі де төрт мың теңгеге өскен.