Cот отырысы Түркістан облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотында жабық режимде өтті.
"Сотталушы Қылмыстық кодекстің 121 бабы, 4-ші бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады", - дейді судья С.Темірәлиев.
Сот үкімі оқылған сәтте айыпталушының анасының денсаулығы сыр берген.
Сотталушының қорғаушысы апелляциялық шағым түсіретіндіктерін айтты.
Жәбірленуші тараптан сот процесіне 7 жасар баланың анасы мен әжесі қатысқан. Баланың өзі әкелінген жоқ.
Еске сала кетейік, Сарыағаш ауданындағы Абай ауылынан шыққан сексуалды сипаттағы дау бүкіл елде ғана емес, алыс-жақын шетелде дүрбелең тудырған болатын.