Басты жаңалықтар
Азаматтық некедегі күйеуі сотта белгілі журналисті не себепті ұрып өлтіргенін айтып елді шошытты
- автор kyn.kz
- 10 қаңтар, 2019
- 219
Қылмыскердің әпкесі: Иринаға "Інім таяқтап бастаса қашып кет" деп үнемі ақылымды айтып отыратынмын.
Астанада журналист келіншекті ұрып өлтірген күдіктіге қатысты сот басталды Айыпталушы орнында марқұмның азаматтық некедегі жұбайы Анатолий Гусейнов, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып.
34 жастағы азамат кінәсін жартылай мойындап отыр. Айтуынша, әйелін өлтіру ойында болмаған екен. Тек, қызғаныштың кесірінен ұрмақ болыпты. Бірақ, басына тиген ауыр соққыдан Ирина Бекетова үйінің ауласында көз жұмған.
Қылмыс 3 жарым ай бұрын болған еді. Республикалық сайттың тілшісі, 37 жастағы марқұмның артында төрт баласы қалды. Оның екеуі Анатолий мен Иринаның ортақ балалары. Айыпталушының туыстары үш жылдай азаматтық некеде тұрған ерлі-зайыптылардың үнемі жанжалдасып калатынын айтып отыр.
"Інім қол көтерсе, үйден қуып шық деп Иринаға талай ескерттім. Бірақ, мені тыңдамай Анатолийдің қорлығына төзіп келді. Жақсы көрді ма немесе оны аяған шығар",-дейді Айыпталушының әпкесі Александра.