Басты жаңалықтар
Анасы Денистің өліміне күдікті қыздың шетелдіктермен телефон арқылы байланысқанын дәлелдеді
- автор kyn.kz
- 14 қаңтар, 2019
- 249
Денис Теннің туыстары марқұмның тапсырыспен өлтірілгеніне сенімді.
Денис теннің анасы Оксана тен сотталушы орындығында отырған Жанар Толыбаеваның шетелдіктермен түрлі номерлер арқылы бірнеше рет байланысқанын нақты күнімен айтып берді.
Бұл туралы KYN.KZ ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Жанар Толыбаева сөйлескен шетелдік номерлер бойынша сотқа өтініш түсіргім келеді. Оны келесі сот отырысына дайындап алып келетін боламын. Себебі, Денисті танитын адамдар мен мына номерлердің байланысқа шыққандары сәйкес келіп тұр",-дейді Оксана Тен.
марқұмның анасының айтуынша Жанар Толыбаева 2018 жылдың сәуірінен бастап шетелдіктермен үнемі телефон арқылы сөйлесіп жүрген.
"Сәуірдің жиырма бесі күні 21.54- ол Еуропаға қоңырау шалған" деді Оксана Тен. Сотталушы болса ол номердің Қырғыз немесе Өзбекстан номері болуы мүмкін екенін бірден болжалды түрде айтты.
"Өтінемін оның кіммен сөйлескенін анықтау керек. +4 деп басталатын номер Еуропаға нақтырақ айтқанда швейцариялық байланыс. Сен біреуге қоңырау шалдың, содан кейін ол саған қайта хабарласты",— дейді марқұмның анасы.
Оксана Тен Жанардың қай күні сағат нешеде шетелге қоңырау шалғандарын нақты айтып берді. Соттан күдіктінің кіммен және не жайлы сөйлескенін анықтауды өтінді. Спортшының анасы ұлын қасақана емес біреулердің әдейлеп адам жалдап өлтіргенінне сенімді.